Ақтөбе тұрғыны бейтаныс адамды темекі үшін 6 рет пышақтаған: сот үкімі шықты

Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша айып тағылды.
Оқиға саябақта болған.
"Жәбірленуші саябақта жүрген. Сотталушы өтіп бара жатып, одан темекі сұраған. Сотталушы жәбірленушіге дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған. Сол кезде сотталушы қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған", - дейді ведомство.
Жәбірленуші ауруханада қайтыс болады.
"Алқабилердің кесімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"Қорқытқым келді": бұрынғы әйелін 9 рет пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты