https://sputnik.kz/20251106/qorqytqym-keldi-buryngy-ayelin-9-ret-pyshaqtagan-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-58504337.html
"Қорқытқым келді": бұрынғы әйелін 9 рет пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты
"Қорқытқым келді": бұрынғы әйелін 9 рет пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Әйел дәретхана бөлмесіне кеткен кезде, бұрынғы күйеуі оның артынан барып, пышақпен арқасынан ұрған 06.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-06T16:14+0500
2025-11-06T16:14+0500
2025-11-06T16:14+0500
ақмола облысы
қылмыс
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотта анықталғандай, ер адам ас үй пышағын алып, бұрынғы жұбайының жұмыс орнына сөйлесу мақсатында барған.Алайда сөйлесу барысында жанжал туындаған. Әйел дәретхана бөлмесіне кеткен кезде, бұрынғы күйеуі оның артынан барып, пышақпен арқасынан ұрған. Кейін әйел қашып, басқа бөлмеге кіргенде, ер адам оны қуып жетіп тағы да бірнеше рет пышақ сұққан. Сыртқа қашып шыққан әйелді көшеде тағы да қуып жетіп, денесіне бірнеше пышақ жарақатын салған.Барлығы 9 пышақ жарақаты анықталған.Көшеде әйелін пышақтаған ер адамды оқиғаның куәгерлері ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған.Сот үкімімен ер адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жәбірленушінің ауруханада емделуіне кеткен шығындарды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.Бұдан бөлек, сотталушы С.-ға жазасын өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем тағайындалды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251022/aqtobede-darigerdi-qatygezdikpen-oltirgen-meditsina-qyzmetkerine-sot-ukimi-shyqty-58127603.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, қылмыс, адам өлтіру
ақмола облысы, қылмыс, адам өлтіру
"Қорқытқым келді": бұрынғы әйелін 9 рет пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты
Әйел дәретхана бөлмесіне кеткен кезде, бұрынғы күйеуі оның артынан барып, пышақпен арқасынан ұрған
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, ер адам ас үй пышағын алып, бұрынғы жұбайының жұмыс орнына сөйлесу мақсатында барған.
Алайда сөйлесу барысында жанжал туындаған. Әйел дәретхана бөлмесіне кеткен кезде, бұрынғы күйеуі оның артынан барып, пышақпен арқасынан ұрған. Кейін әйел қашып, басқа бөлмеге кіргенде, ер адам оны қуып жетіп тағы да бірнеше рет пышақ сұққан. Сыртқа қашып шыққан әйелді көшеде тағы да қуып жетіп, денесіне бірнеше пышақ жарақатын салған.
Барлығы 9 пышақ жарақаты анықталған.
Көшеде әйелін пышақтаған ер адамды оқиғаның куәгерлері ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған.
"Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша, ер адамның есірткіге тәуелді екені және емделуді қажет ететіні анықталды. Сот отырысында ол кісі өлтіруге оқталғанын мойындамай, бұрынғы жұбайын тек қорқытқысы келгенін айтқан", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен ер адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жәбірленушінің ауруханада емделуіне кеткен шығындарды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.
Бұдан бөлек, сотталушы С.-ға жазасын өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.