https://sputnik.kz/20251203/aqtobe-turgyny-beytanys-adamdy-temeki-ushin-6-ret-pyshaqtagan-sot-ukimi-shyqty-59316848.html
Ақтөбе тұрғыны бейтаныс адамды темекі үшін 6 рет пышақтаған: сот үкімі шықты
Ақтөбе тұрғыны бейтаныс адамды темекі үшін 6 рет пышақтаған: сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T15:21+0500
2025-12-03T15:21+0500
2025-12-03T15:21+0500
ақтөбе
пышақ жарақаты
пышақтап өлтірді
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602283_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_f64a2eaa3130792f20b113716512230e.jpg
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша айып тағылды.Оқиға саябақта болған.Жәбірленуші ауруханада қайтыс болады.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251106/qorqytqym-keldi-buryngy-ayelin-9-ret-pyshaqtagan-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-58504337.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602283_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_2c330c00f6866341db693df0cbb3526d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, пышақ жарақаты, пышақтап өлтірді, сот үкімі
ақтөбе, пышақ жарақаты, пышақтап өлтірді, сот үкімі
Ақтөбе тұрғыны бейтаныс адамды темекі үшін 6 рет пышақтаған: сот үкімі шықты
Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша айып тағылды.
"Жәбірленуші саябақта жүрген. Сотталушы өтіп бара жатып, одан темекі сұраған. Сотталушы жәбірленушіге дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған. Сол кезде сотталушы қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған", - дейді ведомство.
Жәбірленуші ауруханада қайтыс болады.
"Алқабилердің кесімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.