АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылында бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 25 қарашада таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Тұрғын үйдің пеші дұрыс істемеген.
"Пештегі қатты отын дұрыс жанбай, көмірқышқыл газы ауаға тараған. Салдарынан 7 адам уланып қалды, оның бесеуі - бала", - дейді ведомстводағылар.
Отбасы аман, денсаулықтары қалыпты.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған үй иесі әкімшілік жауапқа тартылды.