Пештегі ақау: Түркістан облысында 7 адам уланып қалды

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуҰста пеші
Ұста пеші - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
Оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында болған
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылында бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 25 қарашада таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Тұрғын үйдің пеші дұрыс істемеген.

"Пештегі қатты отын дұрыс жанбай, көмірқышқыл газы ауаға тараған. Салдарынан 7 адам уланып қалды, оның бесеуі - бала", - дейді ведомстводағылар.

Отбасы аман, денсаулықтары қалыпты.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған үй иесі әкімшілік жауапқа тартылды.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланып қалды
Жаңалықтар
0