Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
Олар мектеп маңындағы жеке дүкеннен тағам алып жеген
АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында оқушылар жаппай уланып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
11 қарашада "Мырзатай" орта мектебінің 12 оқушысы астан уланып қалды.
"Байзақ аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 5-сыныптың 12 оқушысы тағамнан улану белгілерімен жүгінген. Барлық оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды", - дейді ведомство.
Оқушылар мектеп маңындағы жеке дүкеннен алынған тағамды жеген соң өзін жайсыз сезінген.
"1–2 сағат өткен соң балалардың жүрегі айнып, құсып, басы ауырған. Жалпы әлсіздік белгілері байқалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта 12 оқушының жағдайы орташа ауыр дәрежесінде, нашарлау белгілері жоқ", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр.
Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып қалды    - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып қалды
Жаңалықтар
0