https://sputnik.kz/20251023/arqalyqta-toyga-bargan-85-adam-astan-ulanyp-qaldy----58142154.html
Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып қалды
Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып қалды
Sputnik Қазақстан
82 науқас ауруханаға жатқызылған 23.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-23T10:38+0500
2025-10-23T10:38+0500
2025-10-23T10:49+0500
арқалық
қостанай облысы
улану
той
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30989184_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_bfc28a1d8140baff9acc4b5162ae5817.jpg
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласында тойға барған 82 адам аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Арқалықта 60 жастық мерейтойға барған 85 адам астан уланып қалды, 82-сі ауруханаға жатқызылды. Олар 20 қазанда Арқалық өңірлік ауруханасына, Жангелдин аудандық ауруханасына және Қостанай облыстық ауруханасына жүгінген. Санитариялық авиация желісі арқылы жұқпалы аурулар дәрігерлері, терапевттер және педиатрлардан құралған мамандар бригадасы жіберілді. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Торғай өңіріне шығып, оқиға орнында медициналық көмекті үйлестіру жұмыстарын жүргізуде, дейді басқарма.Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Барлық науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта: Барлығы 82 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. "Жангелдин ауданында және Арқалық қаласында науқастарды қабылдауға жеткілікті орын бар. Ауруханаларда орын жетіспейді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - дейді ведомство.Дәрігерлер науқастар іс-шарада астан уланған деп болжап отыр. Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тергеу жүріп жатқанын айтты. Микробиологиялық көрсеткіштерге тамақ өнімінің, ауыз судың, шайындылардың сынамаларын іріктеумен объектіге тексеру жүргізілді, жұмысшылар, жұмыстағы нәтижелер тексерілді. Жаппай сырқаттану фактісі бойынша Арқалық қаласының әкімдігі мен құқық қорғау органдарына хабарламалар жолданды. Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20250619/pavlodarda-toyda-ulangandarga-naqty-diagnoz-qoyyldy-54845423.html
арқалық
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30989184_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_ad3c939dca774a576253d65df4ef698b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арқалық, қостанай облысы, улану, той
арқалық, қостанай облысы, улану, той
Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып қалды
10:38 23.10.2025 (жаңартылды: 10:49 23.10.2025) 82 науқас ауруханаға жатқызылған
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласында тойға барған 82 адам аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Арқалықта 60 жастық мерейтойға барған 85 адам астан уланып қалды, 82-сі ауруханаға жатқызылды. Олар 20 қазанда Арқалық өңірлік ауруханасына, Жангелдин аудандық ауруханасына және Қостанай облыстық ауруханасына жүгінген.
"Науқастар іштің өту, дене қызуының жоғарылауы және жалпы әлсіздік белгілеріне шағымданған. Барлық науқастар дер кезінде ауруханаға жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Санитариялық авиация желісі арқылы жұқпалы аурулар дәрігерлері, терапевттер және педиатрлардан құралған мамандар бригадасы жіберілді. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Торғай өңіріне шығып, оқиға орнында медициналық көмекті үйлестіру жұмыстарын жүргізуде, дейді басқарма.
Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Барлық науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта:
Жангелдин ауданында – 26;
облыстық ауруханада – 4 науқас жатыр.
Барлығы 82 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр.
"Жангелдин ауданында және Арқалық қаласында науқастарды қабылдауға жеткілікті орын бар. Ауруханаларда орын жетіспейді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - дейді ведомство.
Дәрігерлер науқастар іс-шарада астан уланған деп болжап отыр. Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тергеу жүріп жатқанын айтты.
Микробиологиялық көрсеткіштерге тамақ өнімінің, ауыз судың, шайындылардың сынамаларын іріктеумен объектіге тексеру жүргізілді, жұмысшылар, жұмыстағы нәтижелер тексерілді.
"Тергеу барысында нысан күнделікті жұмыс істемейтіні, тек банкеттік іс-шаралар өткізетіні анықталды. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері объектінің қызметін уақытша тоқтату мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы шығарды", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Жаппай сырқаттану фактісі бойынша Арқалық қаласының әкімдігі мен құқық қорғау органдарына хабарламалар жолданды. Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.