АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Алматыда Арман Жұмагелдиевтің ісі апелляциялық сотта қаралды, деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп айыпталған Арман Жұмагелдиев аппелияциялық сотқа өтініш түсіріген. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Еске сала кетейік, биыл 27 қаңтарда "Қаңтар оқиғасына" қатысы бар деп айыпталған 44 адамға үкім шығарды. Олардың қатарында "Дикий Арман" лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов болды.
Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кейіннен қылмыс әлемінің серкесі түрмеде өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады.