Дикий Арманға сот үкімі шықты

© Photo : instagram/armandzhumageldievКриминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман)
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша сот үкім шықты.
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында 45 адамға үкім шықты.
Үкімді соттың төрағасы, судья Асхат Әшірбеков екі сағат оқыды.
Сотталушылар саны – 45. Кейбіріне амнистия жарияланса, кейбірі 1-2 жалға сотталды. Кейбірі ауыр қылмыс жасағандықтан, 7 жылға сотталды. Сотталушылардың тергеу абақтысына қамалған уақытын есептегенде, кейбірінің жазасы өтелген болып есептелді.
© Sputnik / СтрингерСудебный процесс по делу "Дикого Армана"
Судебный процесс по делу Дикого Армана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Судебный процесс по делу "Дикого Армана"
45 сотталушының ішінде үшеуі халыққа танымал: қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев, ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов және мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген.
Қайрат Құдайбергенов 8 жылға сотталды. Сондай-ақ "Құрмет" орденінен және қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Руслан Ысқақов – 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құруға кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
Ал Дикий Арман өмірінің 20 жылын темір торда өткізбек.
Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылы қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Оқиға
Алматыда "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Жаңалықтар
0