Дикий Арман түрмеде өзіне қол жұмсамақ болды

© Photo : instagram/armandzhumageldievКриминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман)
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті бұл фактіні растады
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Арман Жұмагелдиев абақтыда отырып өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
"Бұл сотталған адам өзіне қол жұмсады, жеңіл жарақаттар алған. Медициналық көмек дереу көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлықтай", - дейді ведомство.
Комитеттің мәліметінше, сотталушы ерекше бақылауда, онымен мекеме психологтары жұмыс істеп жатыр.
Осы факті бойынша қызметтік тексеріс басталған.
Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Дикий Арманға сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0