Омбыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған іс-шаралар өтті

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен зерттеушілері қатысты
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен Омбыда "Уәлиханов оқулары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Іс-шара көрнекті қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және дипломат Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.
Омбыда Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Делегаттар мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханаға барды. Онда қонақтарға Уәлиханов дәуіріне байланысты сирек басылымдар жинағы ұсынылды. Экспонаттардың ішінде ғалымның өзі оқыған және білім алған кітаптарға ұқсас кітаптар бар. Экскурсия аясында мамандар кітапхана қорындағы бірегей мұрағат материалдарын көрсетті.
Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан мен Ресей академиялық институттарының жетекші тарихшылары мен шығыстанушылары, сондай-ақ Бейжің университетінің профессоры сөз сөйледі.
Делегаттар мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханаға барды
"Пленарлық бөлімнен кейін Қазақстан мен Ресей оқушылары арасында "Шоқан Уәлиханов: дәуір мен ұрпақ байланысы" тақырыбында халықаралық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалында Уәлихановтың еңбектерін талдауға, оның Қашқарға жасаған экспедициялары мен құпия миссиясына, тарихи есте сақтау, мәдениетаралық диалог және Орталық Азиядағы қазіргі геосаяси динамика мәселелеріне арналған ғылыми сессиялар өткізді.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Жеңіс саябағында Мәңгілік алаудың жанында гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алды.
Шара аясында Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Делегация Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығына барды. Сондай-ақ, Омбы көрермендерінің назарына Николай Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының "Шокан. Монолог шепотом" қойылымы ұсынылды.
Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның достық саябағы ашылды