Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның достық саябағы ашылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Аида Балаева бұл қоғамдық орын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында ашылуы өте жақсы нышан екенін айтты
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның достық саябағы ресми түрде ашылды.
© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚазақстан мен Ресейдің достық саябағы
Сквер в честь дружбы России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Қазақстан мен Ресейдің достық саябағы
Іс-шараға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев және басқалар қатысты. Андрей Яцкин алаңды ашу идеясы өте өзекті екенін айтты.
"Бұл Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың тату көршілік, стратегиялық сипатын растайды. Біз бұл саябақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтарымыздың тарихи естеліктерін, достығын және ерліктерін сақтауға үлес қосатынына сенімдіміз. Біз Мәскеуде, Ресей аймақтарында және Қазақстанда мұндай қоғамдық орындар көп екеніне сенімдіміз. Бірақ олар ешқашан көптік етпейді, себебі олар біздің елдеріміздің ұрпақтары арасындағы байланысты растайды", - деді Яцкин.
Аида Балаева бұл қоғамдық орын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында ашылуы өте жақсы нышан екенін айтты.
© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин
Первый заместитель председателя Совета Федерации РФ Андрей Яцкин и министр культуры и информации Казахстана Аида Балаева во время церемонии открытия сквера в честь дружбы России и Казахстана в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин
"Мәскеу қаласының дәл орталығында біз Қазақстан-Ресей достық саябағын ашып жатырмыз. Әрине, біз үшін бұл Ресей астанасындағы мыңдаған саябақтардың бірі ғана емес. Бұл көпжылдық өзара құрметтің, шынайы сенімнің және мемлекет басшыларымыздың жеке достығының маңызды нәтижесі. Ал оның мәні уақыт пен тарих сынағынан өткен халықтарымыз арасындағы мәңгілік достықта жатыр", - деді министр.
© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин
Первый заместитель председателя Совета Федерации РФ Андрей Яцкин и министр культуры и информации Казахстана Аида Балаева  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Яцкин
Дәурен Абаев елшіліктің әрбір жаңа қызметкері жаңа саябаққа ағаш отырғызатынын мәлімдеді.
"Қазақстан бұл саябақтың ашылуына үлкен мән береді. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы берік достықтың дәлелі, белгісі. Бұл біздің тарихымызды ұмытпағанымызды көрсетеді", - деді Абаев.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Қазақстан мен Ресей мұнай-газ саласындағы серіктестікті кеңейтеді
Жаңалықтар
0