Қазақстан мен Ресей мұнай-газ саласындағы серіктестікті кеңейтеді

© Photo : Энергетика министрлігіЭнергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
Екі елдің энергетика министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
"Министрлер өткен аптада Астанада өткен Үкіметаралық комиссияның 26-отырысының нәтижелеріне тоқталып, бірлескен жұмыстың негізгі қорытындыларын қарастырды", - деп жазылған Қазақстанның энергетика министрлігі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Ерлан Ақкенженов пен Сергей Цивилев электр энергетикасы мен мұнай-газ саласындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ отын-энергетика кешені аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы стратегиялық серіктестік құра алды - Тоқаев
Жаңалықтар
0