https://sputnik.kz/20251111/qazaqstan-men-resey-zhogary-sapaly-strategiyalyq-seriktestik-qura-aldy---toqaev-58648721.html
Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы стратегиялық серіктестік құра алды - Тоқаев
Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы стратегиялық серіктестік құра алды - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуныша, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Ресеймен достық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән берді 11.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-11T09:36+0500
2025-11-11T09:36+0500
2025-11-11T10:24+0500
қазақстан
ресей
мақала
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58647240_0:41:1280:761_1920x0_80_0_0_60c2531c7af22906ce7c253ad44b9b61.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы және мағыналы стратегиялық серіктестік пен одақ құра алды. Бұл туралы Қазақстан президенті "Российская газета" басылымда жарық көрген "Мәңгілік достық – біздің халықтарымыз үшін жол көрсетуші жұлдыз" атты мақаласында айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің халқы ғасырлар бойы қатар өмір сүріп, қуаныштар мен сынақтарды бірге бөлісіп, Еуразия бойынша біртұтас мәдени кеңістік құрғанын айтты.Президенттің айтуныша, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Ресеймен достық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән берді. Елдің алғашқы сыртқы саясат тұжырымдамасында және кейінгі осыған ұқсас құжаттарда Ресей тұрақты басымдық ретінде танылды.Осы ретте ол 1992 жылы Мәңгілік достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы алғашқы шартқа қол қойылғанын еске салып, бұл мемлекетаралық қатынастардың берік негізін қалады және халықтарымыздың саналы таңдауының символына айналғанын айтты.Содан бері әлемде және посткеңестік кеңістікте көп нәрсе өзгергенімен, бірақ шартта тұжырымдалған негізгі тезис өзекті болып қала береді.Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас терең сенімге, құрметке және теңдікке негізделген тұрақтылығымен ерекшеленетінін айтты.
https://sputnik.kz/20251110/toqaev-resey-ukimeti-toragasynyn-birinshi-orynbasaryn-qabyldady-58606300.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0b/58647240_61:0:1214:865_1920x0_80_0_0_2aad95919bc752345066b88936825418.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, мақала
Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы стратегиялық серіктестік құра алды - Тоқаев
09:36 11.11.2025 (жаңартылды: 10:24 11.11.2025) Президенттің айтуныша, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Ресеймен достық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән берді
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы және мағыналы стратегиялық серіктестік пен одақ құра алды. Бұл туралы Қазақстан президенті
"Российская газета" басылымда жарық көрген "Мәңгілік достық – біздің халықтарымыз үшін жол көрсетуші жұлдыз" атты мақаласында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің халқы ғасырлар бойы қатар өмір сүріп, қуаныштар мен сынақтарды бірге бөлісіп, Еуразия бойынша біртұтас мәдени кеңістік құрғанын айтты.
"Бізді дәстүрлі құндылықтарды ортақ түсіну, қазіргі өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты ұқсас көзқарастар және бауырлас халықтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен күш-жігер біріктіреді. Осы мызғымас негізде біз халықтарымыздың тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне өзара құрмет көрсете отырып, көп қырлы ынтымақтастық жолымен сенімді түрде алға жылжып келеміз", - деп жазды Тоқаев.
Президенттің айтуныша, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Ресеймен достық қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән берді. Елдің алғашқы сыртқы саясат тұжырымдамасында және кейінгі осыған ұқсас құжаттарда Ресей тұрақты басымдық ретінде танылды.
Осы ретте ол 1992 жылы Мәңгілік достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы алғашқы шартқа қол қойылғанын еске салып, бұл мемлекетаралық қатынастардың берік негізін қалады және халықтарымыздың саналы таңдауының символына айналғанын айтты.
Содан бері әлемде және посткеңестік кеңістікте көп нәрсе өзгергенімен, бірақ шартта тұжырымдалған негізгі тезис өзекті болып қала береді.
"Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы және мағыналы стратегиялық серіктестік пен одақ құра алды. Бұл ынтымақтастықтың негізінде біздің халықтарымыздың осы тұрақсыз, болжанбайтын заманда бірге болуға деген саналы ұмтылысы жатыр. Басқаша айтқанда, мәңгілік достық – біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз үшін жол көрсетуші жұлдыз", - деді мемлекет басшысы.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас терең сенімге, құрметке және теңдікке негізделген тұрақтылығымен ерекшеленетінін айтты.