https://sputnik.kz/20251110/toqaev-resey-ukimeti-toragasynyn-birinshi-orynbasaryn-qabyldady-58606300.html
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын "Достық" орденімен марапаттады
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын "Достық" орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
Денис Мантуровқа І дәрежелі орден екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды... 10.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-10T12:36+0500
2025-11-10T12:36+0500
2025-11-10T12:51+0500
қазақстан
ресей
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0a/58606456_0:31:1280:751_1920x0_80_0_0_2396dfcc1cb826f47d0c77a91113d4eb.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде Қазақстан президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді.Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының арқасында Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды.Мемлекет басшысы елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары тараптар бірлескен жобаларды дамытуға берік негіз қалағанын айтып, олардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
https://sputnik.kz/20251105/toqaev-eldegi-ishki-sayasattyn-negizgi-qagidattary-men-bagyttaryn-bekitti-58474787.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0a/58606456_45:0:1222:883_1920x0_80_0_0_94b46075366118118d3c2f1c00283bcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, үкімет
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын "Достық" орденімен марапаттады
12:36 10.11.2025 (жаңартылды: 12:51 10.11.2025) Денис Мантуровқа І дәрежелі орден екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін берілді
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Кездесуде Қазақстан президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының арқасында Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды. Президент Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард долларға жетті", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.
Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.
Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары тараптар бірлескен жобаларды дамытуға берік негіз қалағанын айтып, олардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады