https://sputnik.kz/20251124/ombyda-shoqan-ualikhanovtyn-190-zhyldygyna-arnalgan-is-sharalar-otti-59056997.html
Омбыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған іс-шаралар өтті
Омбыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған іс-шаралар өтті
Sputnik Қазақстан
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен зерттеушілері қатысты 24.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-24T14:10+0500
2025-11-24T14:10+0500
2025-11-24T14:11+0500
қазақстан
омбы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/18/59050529_68:135:990:654_1920x0_80_0_0_c77e0d0da4f2c053bfce74332ab1ee9b.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен Омбыда "Уәлиханов оқулары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.Іс-шара көрнекті қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және дипломат Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.Делегаттар мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханаға барды. Онда қонақтарға Уәлиханов дәуіріне байланысты сирек басылымдар жинағы ұсынылды. Экспонаттардың ішінде ғалымның өзі оқыған және білім алған кітаптарға ұқсас кітаптар бар. Экскурсия аясында мамандар кітапхана қорындағы бірегей мұрағат материалдарын көрсетті.Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан мен Ресей академиялық институттарының жетекші тарихшылары мен шығыстанушылары, сондай-ақ Бейжің университетінің профессоры сөз сөйледі.Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалында Уәлихановтың еңбектерін талдауға, оның Қашқарға жасаған экспедициялары мен құпия миссиясына, тарихи есте сақтау, мәдениетаралық диалог және Орталық Азиядағы қазіргі геосаяси динамика мәселелеріне арналған ғылыми сессиялар өткізді.Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Жеңіс саябағында Мәңгілік алаудың жанында гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алды.Шара аясында Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Делегация Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығына барды. Сондай-ақ, Омбы көрермендерінің назарына Николай Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының "Шокан. Монолог шепотом" қойылымы ұсынылды.
https://sputnik.kz/20251112/maskeude-resey-men-qazaqstannyn-dostyq-sayabagy-ashyldy-58696785.html
қазақстан
омбы
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/18/59050529_97:65:970:720_1920x0_80_0_0_77de861732abf7eb0fb0f62246980d4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, омбы, ресей
Омбыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған іс-шаралар өтті
14:10 24.11.2025 (жаңартылды: 14:11 24.11.2025) Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен зерттеушілері қатысты
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен Омбыда "Уәлиханов оқулары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады
сыртқы істер министрлігі.
Іс-шара көрнекті қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және дипломат Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.
Делегаттар мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханаға барды. Онда қонақтарға Уәлиханов дәуіріне байланысты сирек басылымдар жинағы ұсынылды. Экспонаттардың ішінде ғалымның өзі оқыған және білім алған кітаптарға ұқсас кітаптар бар. Экскурсия аясында мамандар кітапхана қорындағы бірегей мұрағат материалдарын көрсетті.
Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан мен Ресей академиялық институттарының жетекші тарихшылары мен шығыстанушылары, сондай-ақ Бейжің университетінің профессоры сөз сөйледі.
"Пленарлық бөлімнен кейін Қазақстан мен Ресей оқушылары арасында "Шоқан Уәлиханов: дәуір мен ұрпақ байланысы" тақырыбында халықаралық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалында Уәлихановтың еңбектерін талдауға, оның Қашқарға жасаған экспедициялары мен құпия миссиясына, тарихи есте сақтау, мәдениетаралық диалог және Орталық Азиядағы қазіргі геосаяси динамика мәселелеріне арналған ғылыми сессиялар өткізді.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Жеңіс саябағында Мәңгілік алаудың жанында гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алды.
Шара аясында Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Делегация Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығына барды. Сондай-ақ, Омбы көрермендерінің назарына Николай Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының "Шокан. Монолог шепотом" қойылымы ұсынылды.