Астанада үйдің қасбеті құлады: жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Оның үстіне кондиционер қондырғысы құлап кеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Астанада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысының құлауы салдарынан ауыр жарақат алған фельдшер көз жұмды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
8 қарашадан бері пациент реанимация бөлімінде өте ауыр жағдайда болып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді.
"Өкінішке қарай, алған жарақаты тым ауыр болып, науқас қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, марқұм зардап шеккендерге көмектесіп жатқанда басынан жарақат алған болатын.
Астанада үйдің кірпіш қаптамасы құлады: бес адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр