Астанада тұрғын үй қасбеті құлады: жансақтау бөліміне түскен фельдшердің жағдайы ауыр

© Photo : акимат Атырауской области Астанада тұрғын үй қасбеті құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Астанада тұрғын үй қасбеті құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2025
Жазылу
Жансақтау бөлімінде екі науқас жатыр
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Астанада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлай салдарынан зардап шеккен бес адамның екеуі жансауқтау бөлімінде жатыр.
Үш науқас бейінді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің екеуі еңбек міндеттерін орындау барысында жарақат алған фельдшерлер.
"Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы – орташа, ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Барлық пациент дәрігерлердің бақылауында, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазды әкімдік.
Әкімдіктің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған "фельдшерлердің алған жарақаты өндірістік жарақат ретінде танылмады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелген.
Сонымен қатар, жарақат алу фактісі бойынша қалалық полиция департаменті сотқа дейін тергеу жүргізіп жатыр.
Бұдан бөлек, мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу жұмысын орындауда.
Астанада үйдің сыртқы қаптамасы мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Астанада тұрғын үй қасбеті мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті
Жаңалықтар
0