Астанада үйдің кірпіш қаптамасы құлады: бес адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

© Photo : Telegram-канал Astanovka98 Астанада үйдің кірпіш қаптамасы құлады
Астанада үйдің кірпіш қаптамасы құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Жазылу
Барлығына материалдық көмек те көрсетіледі, әрі қарай емделуі мен оңалту шаралары да төленеді
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама 5 адамның үстіне құлаған. Үшеуі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зардап шеккендердің барлығы №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
"Біреуі аса ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр. Тағы екі адам реанимация бөлімінде, жағдайы ауыр", - дейді дәрігерлер.
Ал екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлығына материалдық көмек те көрсетіледі, әрі қарай емделуі мен оңалту шаралары да төленеді.
Айта кетері, төтенше жағдай бүгін Тәуелсіздік даңғылында болған. Кірпіш қаптамамен бірге кондиционердің бір бөлігі құлаған.
Астанада үйдің сыртқы қаптамасы мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Астанада тұрғын үй қасбеті мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті
Жаңалықтар
0