АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейде мемлекеттік сапармен болды. Президенттер кеңейтілген құрамда келіссөз өткізіп, Оралдағы XXI өңіраралық форумға бейнебайланыс арқылы қосылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.
Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасады. Содан кейін Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды.