Тоқаев пен Путин стратегиялық серіктестік және одақтастық жөніндегі декларацияға қол қойды

© Sputnik / Скриншот видео Sputnik Токаев и Путин подписали Декларацию о всеобъемлющем стратегическом партнерстве и союзничестве России и Казахстана
Токаев и Путин подписали Декларацию о всеобъемлющем стратегическом партнерстве и союзничестве России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Қазақстан президенті Ресейге екі күндік мемлекеттік сапармен барды
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл құжаттың тарихи мәні зор. Халықтарымыз арасындағы мызғымас өзара сенім мен ынтымақтастықтың келешегі кемел екенін көрсетеді. Қазақстан Ресей Федерациясының өркендеуіне шын мәнінде мүдделі. Бүгінгі келіссөздер нәтижесін жоғары бағалаймын. Кездесуіміз ашық әрі сенімді рәуіште өтті және нақты пайдасын берді", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.
"Сапар аясында қол қойылған бірқатар құжат елдеріміздің ғарышты игеру, атом энергиясын, арнайы экономикалық аймақтарды және креативті индустрияны дамыту бойынша айтарлықтай ілгерілеуіне мүмкіндік береді", - деп атап өтті президент.
Ресей президентінің айтуынша, декларацияда Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту жоспары айқындалған.
Встреча Касым-Жомарта Токаева и Владимира Путина в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Саясаттанушылар Тоқаевтың Ресейге сапары қаншалықты маңызды екенін айтты
Жаңалықтар
0