Тоқаев пен Путин Оралдағы өңіраралық форумға бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезиденты Казахстана и России провели переговоры
Президенты Казахстана и России провели переговоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей президенттері Оралда басталған XXI өңіраралық форумға бейнебайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін форумның пленарлық отырысын екі елдің президенттері ашты. Бейнебайланысқа алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев шығып, форум қатысушыларына сөз арнады.
"Осы әмбебап алаңда жаңа экономикалық, инфрақұрылымдық және гуманитарлық жобалар дүниеге келіп жатады. Соның барлығы артынан жергілікті деңгейде іске асырылады. Бұл өте маңызды. Себебі дәл сол өңірлерде экономикалық өсім, ауыл шаруашылығы, білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа жағдай жасалады", - деді Тоқаев.
Президент Ресейдің ірі сауда-инвестициялық әріптес екенін де ерекше атап өтті. Қазақстанмен арадағы тауар айналымы 28 млрд доллардан асты. Осы көрсеткішті 30 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланған.
"2024 жылы ресейлік инвестициялардың көлемі рекордтық көрсеткіш – 4 млрд долларға жеткен. Ал Қазақстандағы ресейлік инвестициялардың жалпы көлемі 27 млрд доллардан асты. Қазақстан өз кезегінде Ресей экономикасына 9 млрд доллар салған ", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Айта кетері, өңіраралық форум Оралда осымен үшінші рет өтіп отыр. Пленарлық отырысқа екі елдің үкімет мүшелері, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай мен Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері, сондай-ақ, Орынбор мен Омбы облыстарының губернаторлары қатысып отыр. Алдағы уақытта 30,8 миллиард доллар көлеміндегі тағы 29 жоба және 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Встреча Касым-Жомарта Токаева и Владимира Путина в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Саясаттанушылар Тоқаевтың Ресейге сапары қаншалықты маңызды екенін айтты
Жаңалықтар
0