АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
"Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады", - деп атап өтті Қазақстан президенті.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие.
"Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады", – деп жазды мемлекет басшысы.