Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапарынан кейін Путинге хат жолдады

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин провел переговоры с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым
Президент Владимир Путин провел переговоры с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
"Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады", - деп атап өтті Қазақстан президенті.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие.
"Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады", – деп жазды мемлекет басшысы.
Переговоры президента Владимира Путина и президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Тоқаев: Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі
Жаңалықтар
0