Тоқаев: Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуПереговоры президента Владимира Путина и президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева
Переговоры президента Владимира Путина и президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрды, деді мемлекет басшысы
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне президент Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы біздің ортақ тарихымыз бірліктің үлгісін танытатын сөздердің қай-қайсысынан да артық екеніне тоқталды.
"Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан "Құдай қосқан көрші" деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі, – деді Қазақстан президенті.
Владимир Путин де Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі екенін атап өтті.
"Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және теңқұқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз", - деді ол.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы Қазақстанда лайықты деңгейде мерекеленгенін атап өтті.
"Отанды қорғау және Ұлы Жеңіске жету жолында әлем тарихында бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін паш еткен нағыз батырлар мен патриоттарды еске алып, құрмет көрсеттік", - деді мемлекет басшысы.
Переговоры президента Владимира Путина и президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Энергетика, білім және мәдениет: Тоқаев пен Путин не туралы уағдаласты
Жаңалықтар
0