Ресей мен Қазақстан 30-дан астам бірлескен жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Қазақстанның батыс аймағында екі елдің бірлескен ауқымды іс-шарасы өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Оралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы кешеден бері жалғасып жатыр.
Екі елдің шенеуніктері, кәсіпкерлері және қоғам қайраткерлері Оралдағы бірыңғай диалог алаңында бас қосты.
Іс-шарада Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев форум ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтатын тиімді диалог алаңы болғанын айтты.
Оралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр
"Форумда жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр, экономикадан бастап мәдени байланыстарға дейінгі қарым-қатынастың барлық саласын қамтиды. Өйткені форумның басты тақырыбы - "Еңбек мамандықтары. Экономикалық өсімнің қозғаушы күші".Бұл жерде озық технологиялық кәсіпорындарды көріп отырмыз", - деді министр брифингте.
Форумда белгілі болғандай, Ресей Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі болып табылады. Соңғы бес жылда сауда айналымы 50%-дан астамға өскен. 2024 жылдың соңына қарай ол 28 миллиард доллардан асты.
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев
"Біздің алдымызда жақын арада сауда айналымын 30 миллиард долларға жеткізу деген үлкен мақсат тұр. Бұл форум біздің негізгі бағыттарды көрсетіп, сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтіп, тереңдете алатынымызды көрсетеді", - деді Шаққалиев.
Қазіргі уақытта ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр, олардың ішінде 4,4 миллиард долларды қамтитын 14 жоба аяқталды. Алда тағы 30-дан астам жоба бар, олардың жалпы құны 30 миллиард доллардан асады.
Саясат
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай түйткіл жоқ