Саясат

Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай түйткіл жоқ

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин провел переговоры с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым
Президент Владимир Путин провел переговоры с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев ең алдымен көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді.
"Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ", - деді мемлекет басшысы.
Ол мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табатынын атап өтті.

"Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар", - деп түйіндеді Тоқаев.

Ал Владимир Путин Қазақстан президентіне уақыт тауып, мемлекеттік сапармен келгені үшін алғыс айтты.
"Бұған шын жүректен қуаныштымын. Әрине, біз ұдайы байланыстамыз. Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын", - деді Ресей басшысы.
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы стратегиялық серіктестік құра алды - Тоқаев
Жаңалықтар
0