Ресей мен Қазақстан 30-дан астам бірлескен жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевОралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр
Оралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Қазақстанның батыс аймағында екі елдің бірлескен ауқымды іс-шарасы өтіп жатыр
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Оралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы кешеден бері жалғасып жатыр.
Екі елдің шенеуніктері, кәсіпкерлері және қоғам қайраткерлері Оралдағы бірыңғай диалог алаңында бас қосты.
Іс-шарада Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев форум ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтатын тиімді диалог алаңы болғанын айтты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевОралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр
Министр торговли и интеграции Казахстана Арман Шаккалиев на XXI Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Уральске - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Оралда ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр
"Форумда жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр, экономикадан бастап мәдени байланыстарға дейінгі қарым-қатынастың барлық саласын қамтиды. Өйткені форумның басты тақырыбы - "Еңбек мамандықтары. Экономикалық өсімнің қозғаушы күші".Бұл жерде озық технологиялық кәсіпорындарды көріп отырмыз", - деді министр брифингте.
Форумда белгілі болғандай, Ресей Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі болып табылады. Соңғы бес жылда сауда айналымы 50%-дан астамға өскен. 2024 жылдың соңына қарай ол 28 миллиард доллардан асты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев
Министр торговли и интеграции Казахстана Арман Шаккалиев на XXI Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Уральске - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев
"Біздің алдымызда жақын арада сауда айналымын 30 миллиард долларға жеткізу деген үлкен мақсат тұр. Бұл форум біздің негізгі бағыттарды көрсетіп, сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтіп, тереңдете алатынымызды көрсетеді", - деді Шаққалиев.
Қазіргі уақытта ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр, олардың ішінде 4,4 миллиард долларды қамтитын 14 жоба аяқталды. Алда тағы 30-дан астам жоба бар, олардың жалпы құны 30 миллиард доллардан асады.
Президент Владимир Путин провел переговоры с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Саясат
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай түйткіл жоқ
Жаңалықтар
0