"Бізді дәстүрлі құндылықтарды ортақ түсіну, қазіргі өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты ұқсас көзқарастар және бауырлас халықтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен күш-жігер біріктіреді. Осы мызғымас негізде біз халықтарымыздың тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне өзара құрмет көрсете отырып, көп қырлы ынтымақтастық жолымен сенімді түрде алға жылжып келеміз", - деп жазды Тоқаев.
"Қазақстан мен Ресей жоғары сапалы және мағыналы стратегиялық серіктестік пен одақ құра алды. Бұл ынтымақтастықтың негізінде біздің халықтарымыздың осы тұрақсыз, болжанбайтын заманда бірге болуға деген саналы ұмтылысы жатыр. Басқаша айтқанда, мәңгілік достық – біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз үшін жол көрсетуші жұлдыз", - деді мемлекет басшысы.