Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Песков: Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды

Sputnik
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Әрине, біз бұл қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалаймыз және ол Ресей бастапқыда қойған мақсаттарына жеткенде аяқталуы мүмкін", - деді Песков журналистерге.
"Біз бұл қақтығысты саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешуді жөн көреміз. Мұны бірнеше рет мәлімдедік, Ресей тарапы бұл тәсілге ашық болып қала береді", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Песков Мәскеу Астананың Украинадағы жағдайды реттеу процесіне атсалысуға дайындығын жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Астананың реттеу процесіне жәрдемдесуге дайындығына келетін болсақ, біз мұны жақсы білеміз және қазақстандық достарымыз бірнеше рет мәлімдеген бұл дайындықты жоғары бағалаймыз", - деді ол.
Песков Қазақстанның Ресей үшін ерекше серіктес және маңызды мемлекет екенін атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Мәскеу Астананың Украина процесіне атсалысуға дайындығын жоғары бағалайды