https://sputnik.kz/20251110/peskov-maskeu-ukrainadagy-qaqtygystyn-mumkindiginshe-tezirek-ayaqtalganyn-qalaydy-58618682.html
Песков: Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды
Песков: Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы... 10.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-10T18:38+0500
2025-11-10T18:38+0500
2025-11-10T18:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23382824_0:188:3111:1937_1920x0_80_0_0_cda5847dd80329e53b59025450c66512.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков."Біз бұл қақтығысты саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешуді жөн көреміз. Мұны бірнеше рет мәлімдедік, Ресей тарапы бұл тәсілге ашық болып қала береді", - деп түйіндеді ол.Бұған дейін Песков Мәскеу Астананың Украинадағы жағдайды реттеу процесіне атсалысуға дайындығын жоғары бағалайтынын атап өтті.Песков Қазақстанның Ресей үшін ерекше серіктес және маңызды мемлекет екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20251110/maskeu-astananyn-ukraina-protsesine-atsalysuga-dayyndygyn-zhogary-bagalaydy-58613419.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23382824_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_10ec002ef0578cffcf41fc4a769b7bf6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Песков: Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мәскеу Украинадағы қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалайды, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Әрине, біз бұл қақтығыстың мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалаймыз және ол Ресей бастапқыда қойған мақсаттарына жеткенде аяқталуы мүмкін", - деді Песков журналистерге.
"Біз бұл қақтығысты саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешуді жөн көреміз. Мұны бірнеше рет мәлімдедік, Ресей тарапы бұл тәсілге ашық болып қала береді", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Песков Мәскеу Астананың Украинадағы жағдайды реттеу процесіне атсалысуға дайындығын жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Астананың реттеу процесіне жәрдемдесуге дайындығына келетін болсақ, біз мұны жақсы білеміз және қазақстандық достарымыз бірнеше рет мәлімдеген бұл дайындықты жоғары бағалаймыз", - деді ол.
Песков Қазақстанның Ресей үшін ерекше серіктес және маңызды мемлекет екенін атап өтті.