Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мәскеу Астананың Украина процесіне атсалысуға дайындығын жоғары бағалайды

© Photo : Посольство России в Казахстане Российско-казахстанский медиафорум
Российско-казахстанский медиафорум - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2025
Жазылу
Песков Қазақстанның Ресей үшін маңызды мемлекет екенін атап өтті
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Ресей Астананың Украинадағы жағдайды реттеу процесіне атсалысуға дайындығын жоғары бағалайды, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Астананың реттеу процесіне жәрдемдесуге дайындығына келетін болсақ, біз мұны жақсы білеміз және қазақстандық достарымыз бірнеше рет мәлімдеген бұл дайындықты жоғары бағалаймыз", - деді ол журналистерге.
Песков Қазақстанның Ресей үшін ерекше серіктес және маңызды мемлекет екенін атап өтті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресейде мемлекеттік сапармен болады. Ол бұған дейін Украина бойынша келіссөздерге алаң ұсынуға дайын екенін білдірген.
Мемлекет басшысы Денис Мантуровты І дәрежелі Достық орденімен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2025
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын "Достық" орденімен марапаттады
Жаңалықтар
0