Павлодарда салынып жатқан ғимарат құлады: үйінді астынан ер адамның денесі табылды

Облыс басшылығы құрылыс алаңындағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді
Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Павлодарда ғимараттың опырылып, үйінділер астында қалып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіге тарады.
Оқиғаға қатысты Павлодар облысы әкімшілігі түсініктеме берді. Жергілікті билік жеке жөндеуден өтіп жатқан құрылыс алаңында еден плитасы құлағанын хабарлады.
8 қарашаға қараған түні жарияланған алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында 1967 жылы туған ер адам болуы мүмкін.
Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
"Сонымен қатар апаттық-құтқару жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппараты мен ТЖД жедел кинологтар бригадасы жұмылдырылуда. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары барлау жұмыстарын жүргізіп, үйінділерді тазартып жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
Оқиға орнында жедел әрекет ету орталығы құрылды.
Полицейлер қылмыстық кодекстің "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, 8 қараша күні таңертең үйінді астынан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Тағы екі зардап шегуші ауруханада қаралған, емделуді қажет етпеген.
Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті