Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті

© Photo : Интернет-издание "Ак Жайык"Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті
Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Жазылу
Ғимарат "Келешек мектептері" жобасы аясында бой көтеріп жатыр
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құлсарыда салынып жатқан 1200 орындық мектептің төбесі опырылып түсті.
Оқиға 9 қыркүйек күні кешке болған. Жергілікті баспасөздің мәліметінше, нысан "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне жаңалыққа түсініктеме берді.
Компанияда мектептің шатыры құлағанын, нысанды "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында "Turan Ascent"ЖШС тұрғызып жатқанын хабарлады. Мектеп 2025 жылдың соңына дейін тапсырылуы керек.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, төбе опырылуының себебі құрылыс материалдарын сақтау шарттарының бұзылуы болды. Атап айтқанда, спорт залының шатырына салмағы 6 тоннадан асатын ауыр шатыр материалдары орналастырылған. Бұл құрылысқа жергілікті зақым келтірді", - деп түсіндірді компания.

Тапсырыс беруші жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін басшылықтың, техникалық және авторлық қадағалаулардың қатысуымен комиссия құрды. Қосымша конструкциялардың көтергіш қабілеттерін және жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру үшін техникалық тексеру жөніндегі мамандандырылған ұйым тартылды.
Қорытынды сараптама нәтижелері бойынша қабылданатын болады. "Samruk-Kazyna Construction" компаниясы анықталған бұзушылықтарды мердігер компания жоятынын хабарлады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2024
Қостанай облысында жөндеу жұмыстары кезінде мектептің қабырғасы опырылып түсті
Жаңалықтар
0