Қостанай облысында жөндеу жұмыстары кезінде мектептің қабырғасы опырылып түсті

© Photo : yk-news.kzАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2024
Жазылу
Құрылыс компаниясы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын өз міндеттемесі аясында жалғастырады
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданында мектептің үшінші қабатының төбесі мен қабырғасы опырылып құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 7 қыркүйекте Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары кезінде болған. Мердігер компания – "ПКФ ГРЕНАДА" ЖШС.
"Мектеп ғимаратындағы төбе қабатының құлауына байланысты оны жөндеу үшін "ARSENAL-R" ЖШС құрылыс компаниясын құрылысқа жұмылдыру туралы шешім қабылданды. Бұл компания қоқысты тазартып, қалпына келтірумен айналысады. Бұл қадам алдағы жылыту маусымына байланысты нысанды қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шара ретінде қабылданды", - дейді әкімдік мамандары.
Қазіргі кезінде мектепте еденді бетондау мен электр желісін тарту жұмыстары толығымен аяқталды. Ал жылыту жүйесі 28 процентке ғана дайын. Терезелер де толығымен ауыстырылмапты. Нысанның жалпы дайындығы 35 процентті құрап отыр.
"ПКФ Гренада" ЖШС құрылыс компаниясы Новонежин мектебі ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын өз міндеттемесі аясында жалғастырады. Төбе қабатын қалпына келтіру және мектепті күрделі жөндеу жұмыстары барлық техникалық норма мен стандартты ескере отырып, қысқа мерзімде аяқталады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 10 қыркүйектен бастап 1-сынып оқушылары, 13 қыркүйектен 2-4 сынып оқушылары "Балдаурен" балабақшасының ғимаратына көшірілді. Жақын арада қалған сынып оқушылары да офлайн оқуға кіріседі.
Жаңалықтар
0