Павлодарда салынып жатқан ғимарат құлады: үйінді астынан ер адамның денесі табылды

© Photo : Акимат Павлодарской области/Валерий БугаевПавлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Жазылу
Облыс басшылығы құрылыс алаңындағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Павлодарда ғимараттың опырылып, үйінділер астында қалып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіге тарады.
Оқиғаға қатысты Павлодар облысы әкімшілігі түсініктеме берді. Жергілікті билік жеке жөндеуден өтіп жатқан құрылыс алаңында еден плитасы құлағанын хабарлады.
8 қарашаға қараған түні жарияланған алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында 1967 жылы туған ер адам болуы мүмкін.
© Photo : Акимат Павлодарской области/Валерий БугаевПавлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
Обрушение плиты перекрытия на строительной площадке в Павлодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
"Сонымен қатар апаттық-құтқару жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппараты мен ТЖД жедел кинологтар бригадасы жұмылдырылуда. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары барлау жұмыстарын жүргізіп, үйінділерді тазартып жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
© Photo : Акимат Павлодарской области/Валерий БугаевПавлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
Обрушение плиты перекрытия на строительной площадке в Павлодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып құлады
Оқиға орнында жедел әрекет ету орталығы құрылды.
Полицейлер қылмыстық кодекстің "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, 8 қараша күні таңертең үйінді астынан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Тағы екі зардап шегуші ауруханада қаралған, емделуді қажет етпеген.
Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті
Жаңалықтар
0