Тоқаев Астанада ММХҚИ филиалының ашылуын құптады

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тоқаев ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін айтты