Тоқаев Астанада ММХҚИ филиалының ашылуын құптады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуС 17 марта вузы переводят студентов на дистанционное обучение из-за коронавируса
С 17 марта вузы переводят студентов на дистанционное обучение из-за коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял ректора Московского государственного института международных отношений Анатолия Торкунова.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Тоқаев ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін айтты
Жаңалықтар
0