Тоқаев ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Алматыда ашылған МИФИ филиалы ядролық энергетика саласында біліктілігі жоғары маман даярлауға септігін тигізеді
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті
Мемлекет басшысы "Мәскеу инженерлік-физикалық институты" ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін айтты.
"Мемлекет басшысы Қазақстанда "Росатом" бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен алғашқы АЭС құрылысын жүргізу қолға алынғанына тоқталды. Бұдан бөлек, тағы бірнеше станса салу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
2022 жылы Алматыда МИФИ филиалы ашылды. Оқу орнынан алғашқы магистрлер түлеп ұшты.
Президенттің пікірінше, бұл ядролық энергетика саласында біліктілігі жоғары маман даярлауға септігін тигізеді.
МИФИ ядролық ғылымды дамытуда және атом мамандарын даярлауда әлемдегі жетекші орталықтардың бірі ретінде танылған.
Токаев принял участие в Международном форуме стратегических партнеров Казахстан – территория академических знаний - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Тоқаев: Қазақстан ChatGPT негізіндегі пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады
Жаңалықтар
0