Тоқаев пен Лукашенко қазақ-беларусь қарым-қатынасының даму перспективасын талқылады

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты
Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.
"Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Тоқаев Трамптың халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады