Тоқаев пен Лукашенко қазақ-беларусь қарым-қатынасының даму перспективасын талқылады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВо Дворце Независимости Главу государства встретил Президент Беларуси Александр Лукашенко
Во Дворце Независимости Главу государства встретил Президент Беларуси Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.
"Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Тоқаев Трамптың халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады
Жаңалықтар
0