https://sputnik.kz/20251029/toqaev-tramp-zhurgizip-otyrgan-ishki-zhane-syrtqy-sayasatqa-qoldau-bildirdi-58284144.html
Тоқаев Трамптың халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады
Тоқаев Трамптың халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады
Sputnik Қазақстан
Ақордада Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды 29.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-29T13:45+0500
2025-10-29T13:45+0500
2025-10-29T13:48+0500
қазақстан
ақш
саяхат
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1d/58283214_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_ac2dc149acf4923360ecbc06a2bd4400.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездестіМемлекет басшысы еліміздің АҚШ президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка президентінің сәлемін жеткізіп, АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.
https://sputnik.kz/20251028/qazaqstandyqtar-finlyandiyany-qurmetteydi---toqaev-58254540.html
қазақстан
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1d/58283214_96:0:1185:817_1920x0_80_0_0_8254f053c90b1202bec58b4574c3255e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ақш, саяхат
Тоқаев Трамптың халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады
13:45 29.10.2025 (жаңартылды: 13:48 29.10.2025) Ақордада Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті
"Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка президентінің сәлемін жеткізіп, АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.
Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.