Қазақстандықтар Финляндияны құрметтейді - Тоқаев

© Photo : АкордаПереговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде
Переговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы Финляндия президентімен келіссөз жүргізді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. "Ақорда" резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімінен кейін мемлекет басшысы Александр Стуббпен келіссөз жүргізді.
Тоқаев бұл сапарды екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп атады. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған және екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ.
© Photo : АкордаПереговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде
Переговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Переговоры Александра Стубба и Касым-Жомарта Токаева в Акорде
"Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бүгін аталған жиынға қатысамын. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Қазақстандықтар Финляндияны, сіздердің салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениеттеріңізді құрметтейді. Көптеген отандасымыз сіздің елге турист ретінде жиі барады. Сапарыңыз мемлекеттер арасындағы серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін", - деді Тоқаев.
Александр Стубб өз кезегінде бұл оның Қазақстанға үшінші мәрте келуі екенін айтты. Ол Қазақстанның қазіргі президентімен алғаш рет 2008 жылы өзі сыртқы істер министрі, ал Тоқаев сенат спикері лауазымын атқарған кезде жүздескен.
"Бұл жолы екі бағытқа баса назар аударамыз деп ойлаймын. Бірінші – өзара қарым-қатынас және іскерлік байланыстар. Бүгін Финляндиядан үлкен делегация келді. Оның құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Астана көшелерінен Isku және Honkarakenne сияқты танымал фин брендтерін көрдім. Бұл бізді қуантады. Келіссөздің екінші бағыты – сыртқы саясат және қауіпсіздік. Біршама мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ, күрделі халықаралық жағдайлардың шешімін табуға бірлесе ұмтыламыз", - деді Финляндия президенті.
© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев и Александр Стубба в Акорде
Касым-Жомарт Токаев и Александр Стубба в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Касым-Жомарт Токаев и Александр Стубба в Акорде
Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде өтетін кездесуді талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде өтетін кездесуді талқылады
Жаңалықтар
0