АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Қазақстанда ұлттық видеомониторинг жүйесі енгізіледі. Бұл туралы сенатта Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Ол Қазақстанда "ұлттық видеомониторинг жүйесін"енгізу жоспарлары туралы айтты.
"Жүйе адамның түр-әлпетін, көлік нөмірлерін автоматты түрде таниды. Сонымен қатар күдікті жағдайларды, яғни төбелес, адамдар көп жиналған жерді және ұмыт қалған заттарды тіркеп отырады", - деді Мәдиев.
Бұл қоғамдық кеңістікті тәулік бойы бақылау болады, деді министр.
Мәдиевтің пікірінше, жүйе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік деңгейі мен жеделдігін айтарлықтай арттырады.