https://sputnik.kz/20250930/zhaqynda-khalyqaralyq-zhasandy-intellekt-ortalygyn-ashamyz--bektenov-57501067.html
Жақында халықаралық жасанды интеллект орталығын ашамыз – Бектенов
Жақында халықаралық жасанды интеллект орталығын ашамыз – Бектенов
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр ЕАЭО елдеріндегі әріптестерін ЖИ саласындағы жобаларды қарқынды жүзеге асыруға шақырды 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T19:40+0500
2025-09-30T19:40+0500
2025-09-30T19:47+0500
еаэо
жасанды интеллект
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57500902_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_81f8ae271e3444af948366c4575b2b1e.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан жақында Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиында азық-түлікпен қамтамасыз ету және орнықты дамудың стратегиялық негізі ретінде агроөнеркәсіп кешеніне арнайы назар аударылды. Бұған дейін бірлескен өнеркәсіптік жобалар саласында қолданылып келген ЕАЭО бюджеті есебінен ауыл шаруашылығы саласына қаржылай жәрдемдесу тетіктерін тарту мәселесі пысықталды.Техникалық регламенттерді әзірлеу саласындағы цифрландыру жұмыстары қауіпсіздікке қойылатын бірыңғай талаптарды өзектендіруге, жеделдетуге және ашықтығын арттыра түсуге септігін тигізеді. Ал бірлескен "Цифрлық техникалық реттеу" жобасын жүзеге асыру интеграцияға жаңа серпін береді.Олжас Бектенов Қазақстан үкіметі қазір цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кооперацияны, цифрлық ынтымақтастық құралдарын дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық орнықтылығын нығайтуға бағытталған.Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтеді.
https://sputnik.kz/20250930/qazaqstan-eaeo-tarapynan-agrarlyq-salaga-onerkasippen-birdey-qoldau-korsetudi-usyndy-57497163.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57500902_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_94e8d9c00ab6041c359927e6e2f8a522.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, жасанды интеллект, олжас бектенов
еаэо, жасанды интеллект, олжас бектенов
Жақында халықаралық жасанды интеллект орталығын ашамыз – Бектенов
19:40 30.09.2025 (жаңартылды: 19:47 30.09.2025) Премьер-министр ЕАЭО елдеріндегі әріптестерін ЖИ саласындағы жобаларды қарқынды жүзеге асыруға шақырды
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан жақында Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында азық-түлікпен қамтамасыз ету және орнықты дамудың стратегиялық негізі ретінде агроөнеркәсіп кешеніне арнайы назар аударылды. Бұған дейін бірлескен өнеркәсіптік жобалар саласында қолданылып келген ЕАЭО бюджеті есебінен ауыл шаруашылығы саласына қаржылай жәрдемдесу тетіктерін тарту мәселесі пысықталды.
"Бұл тәсіл озық технологияларды енгізуді жеделдетіп, тұрақты жеткізу тізбегін нығайтады және ЕАЭО елдері өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады", - деп жазылған хабарламада.
Техникалық регламенттерді әзірлеу саласындағы цифрландыру жұмыстары қауіпсіздікке қойылатын бірыңғай талаптарды өзектендіруге, жеделдетуге және ашықтығын арттыра түсуге септігін тигізеді. Ал бірлескен "Цифрлық техникалық реттеу" жобасын жүзеге асыру интеграцияға жаңа серпін береді.
Олжас Бектенов Қазақстан үкіметі қазір цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Біз жақын арада Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын ашамыз, ол цифрлық экономиканы, шығармашылық индустрияны ілгерілетуде және жасанды интеллект экожүйесін құруда драйверге айналмақ. Қазақстандық IT шешімдердің экспортын ұлғайту бойынша да жұмыс істеп жатырмыз. Барлық әріптесімді ЖИ саласындағы жобаларды қарқынды жүзеге асыруға шақырамын. Бұл біз әзірлеп жатқан Жол картасында елеулі орын алуы тиіс", — деді үкімет басшысы.
ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кооперацияны, цифрлық ынтымақтастық құралдарын дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық орнықтылығын нығайтуға бағытталған.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтеді.