Қазақстандықтарды жасанды интеллект камералары бақылайды

Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Жазылу
Жасанды интеллек жүйесі тәулік бойы күдікті жағдайлар мен заттарды тіркеп отырады
АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Қазақстанда ұлттық видеомониторинг жүйесі енгізіледі. Бұл туралы сенатта Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Ол Қазақстанда "ұлттық видеомониторинг жүйесін"енгізу жоспарлары туралы айтты.
"Жүйе адамның түр-әлпетін, көлік нөмірлерін автоматты түрде таниды. Сонымен қатар күдікті жағдайларды, яғни төбелес, адамдар көп жиналған жерді және ұмыт қалған заттарды тіркеп отырады", - деді Мәдиев.
Бұл қоғамдық кеңістікті тәулік бойы бақылау болады, деді министр.
Мәдиевтің пікірінше, жүйе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік деңгейі мен жеделдігін айтарлықтай арттырады.
Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Жақында халықаралық жасанды интеллект орталығын ашамыз – Бектенов
Жаңалықтар
0