АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. "Росатом" әлемде атом станцияларын салу нарығының 90%-ға жуығын алып отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Шетелде құрылыс салғанда, біз жай ғана нысандар салып қоймаймыз, серіктестерімізбен бірге энергетикалық сектордың болашағын жасаймыз", - деді Ресей президенті Мәскеудегі "Ресей энергетикалық апталығы" халықаралық форумының пленарлық отырысында.
Бүкіл әлем бойынша Ресейдің дизайны негізінде 110 атом электр блогы салынған.
Ресей 15 жыл ішінде 29 гигаватттан астам АЭС қуатын, соның ішінде шағын атом электр станцияларын іске қосуды жоспарлап отыр, деді ол.