"Росатом" атом станцияларын салу нарығының 90%-ға жуығын алып отыр – Путин

© Photo : Росатом"Росатом" ведет строительство АЭС "Сюйдапу"
Росатом ведет строительство АЭС Сюйдапу - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
Бүкіл әлем бойынша Ресейдің дизайны негізінде 110 атом электр блогы салынған
АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. "Росатом" әлемде атом станцияларын салу нарығының 90%-ға жуығын алып отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Шетелде құрылыс салғанда, біз жай ғана нысандар салып қоймаймыз, серіктестерімізбен бірге энергетикалық сектордың болашағын жасаймыз", - деді Ресей президенті Мәскеудегі "Ресей энергетикалық апталығы" халықаралық форумының пленарлық отырысында.
Бүкіл әлем бойынша Ресейдің дизайны негізінде 110 атом электр блогы салынған.
Ресей 15 жыл ішінде 29 гигаватттан астам АЭС қуатын, соның ішінде шағын атом электр станцияларын іске қосуды жоспарлап отыр, деді ол.
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Каспий жағалауында АЭС салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0