АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы облысы Қаскелең қаласында 21 жастағы қызды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция бұл фактіні растады. Ведомствоның мәліметінше, "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында жасалған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы жігіт анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.