Алматы облысында 21 жастағы қызды өлтіріп кетті

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
Күдікті 20 жастағы жігіт
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы облысы Қаскелең қаласында 21 жастағы қызды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция бұл фактіні растады. Ведомствоның мәліметінше, "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында жасалған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы жігіт анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
"Өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған": Ақтөбеде дәрігер сотталып жатыр
Жаңалықтар
0